Реттелмелі құралдармен жұмыс

Kaspersky Security Center бағдарламасы сыртқы құралдар (бұдан әрі – құралдар) – Реттелмелі құралдар контекстік мәзірі тобы арқылы Басқару консолінен клиент құрылғысы үшін шақырылатын бағдарламалар тізімін құрастыруға мүмкіндік береді. Әрбір құрал үшін тізімнен жеке мәзір пәрмені жасалады және оның көмегімен Басқару консолі құралға сәйкес келетін бағдарламаны іске қосады.

Бағдарлама әкімшінің жұмыс станциясында іске қосылады. Пәрмен жолының аргументтері ретінде бағдарлама қашықтағы клиент құрылғысының атрибуттарын қабылдай алады (NetBIOS атауы, DNS атауы, IP мекенжайы). Қашықтағы құрылғыға қосылу туннельді қосылым арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Әрбір клиент құрылғысы үшін әдепкі бойынша сыртқы құралдар тізімінде келесі сервистік бағдарламалар бар:

Сыртқы құралдарды қосу немесе жою және олардың параметрлерін өзгерту үшін,

Таңдалған құрылғының контекстік мәзірінде Реттелмелі құралдар → Реттелмелі құралдарды конфигурациялау тармағын таңдаңыз.

Реттелмелі құралдар терезесі ашылады. Бұл терезеде Қосу және Өзгерту түймелері арқылы сыртқы құралдарды қосуға немесе олардың параметрлерін өзгертуге болады. Сыртқы құралдарды жою үшін қызыл кірес белгішесі () бар жою түймесін басыңыз.

Басына оралу